Популярный казахстанский фотограф Карла Нур возмутилась дороговизной и неэффективностью программы для похудения солиста “All Давай”
Алмалы ауданының прокуратурасы мектептердің бірін тексеру барысында негізсіз жалақы есептеу арқылы, бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform.
2019 жылдың қаңтар айынан 2023 жылдың тамыз айына дейінгі кезеңде мемлекеттік қаражатты жымқыру мақсатында өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, бас бухгалтер мен директордың шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары мемлекеттік бюджеттен негізсіз төлемдерді жүзеге асырған.
Нәтижесінде мемлекетке 11 млн теңге көлемінде залал келген.
Кінәлілер коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Залал толық көлемде өтелді. Үкім заңды күшіне енді.