Жақын арада алматылық Эльгиза Каражанова 11 жасында халықаралық сұлулық байқауларының жеңімпазы атанып үлгерді. Жеткіншек Princess of the Universe-2017, Little Miss Universe-2016, «Кішкентай Еуразия аруы» (2015) атақтарын иеленді.





Эльгиза оқуды, жүзуді, гимнастиканы, хореография мен актерлік шеберлікті қатар алып жүреді.



Сегіз қырлы бір сырлы қыз бүгінде бейнебаянын да жарыққа шығарған. Оның шығармашылық жұмысы Ресей телеарналарында да көрсетіледі.



Эльгиза тележүргізуші ретінде де өз күшін сынап көріп жүр.



Қыз бала актерлік және модель қырынан да танылуда.



Жас арудың қуыршақтай бейнесі желі қолданушыларын таң қалдырады.


"Қыздың басты сұлулығы - мейірімділігі. Жан сұлулығы бірінші орында болу керек", - дейді Эльгиза.


Бүгінде бүлдіршіннің желі парақшасына он мынға жуық адам жазылып үлгерген.


Другие новости