90 жастағы қария әлемдегі ең қарт жүк көлігінің жүргізушісі атанды


АҚШ-тың 90 жастағы тұрғыны Дойл Арчер Гиннестің рекордтар кітабына еніп, әлемдегі ең қарт жүк көлігінің жүргізушісі атанды, деп хабарлайды Kazinform.

UPI мәліметінше, Канзас штатының қарт тұрғыны 60 жылдан астам уақыт бойы жүк көлігін тізгіндейді екен. АҚШ барлық штатын аралап, миллиондаған шақырымды жүріп өткен.

Жүк көлігінің жүргізушісі өз есімінің тарихта қалғанына қуанып, «зейнетке шығу» деген тіркес сөздік қорында мүлдем жоқ екенін әзілмен жеткізді.

Мен жақын арада зейнетке шығуды жоспарламаймын. Денсаулығым сыр бермесе, көлік жүргізуді жалғастырамын, - дейді 90 жастағы қария.

Арчер еңбек жолында тасымалдауға болатын жүктердің барлық түрін діттеген жерге апарғанын айтады.

Оның туыстары Арчердің жұмысына деген адалдығы жастарға жігер беретініне сенімді.

Другие новости