Хромтауда аудандық прокурордың көлігін белгісіз біреулер жағып жіберген. Бұл туралы «Диапазон» хабарлайды.




Хромтау қаласының Асқар есімді тұрғынының айтуынша, бұл кеше болған жағдай екен. Прокурордың «Тайотасын» Победа даңғылының бойы, үйдің алдында жағып кетіпті. Көлік қызметтік емес, прокурордың жеке мүлкі болған көрінеді.


Оқырманның ақпаратына сай, аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр екен.


«Осыдан кейін полиция барлық камераларды қарап шығып, кім істегенін іздестіріп жатыр. Болған жайт туралы бүкіл Хромтау біледі. Көліктің ішкі салоны жанып кеткен», -дейді Асқар.


Басылымның ақпаратына сай, болған жағдайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі растаған жоқ.

Другие новости