В деле фигурирует вымогательство денежных средств
Әлеуметтік желіде суреттерінің астына жазған саясат, Путин, АҚШ, Кәпірлер туралы пікірлері мен ДАИШ-пен күресті «театр» деп атаған сөздері үшін Ақтөбе тұрғыны жауапқа тартылмақ. Бұл туралы жергілікті «Диапазон» жазады.
Ақтөбелік Қанаттың (аты өзгертіліп берілді) Facebook-тегі парақшасынан дінді және қоғамдық пікірді бөлу, экстремизм сипаты көрініп, оның үстінен іс қозғалған.
Ол «өздерін мұсылман санайтын бос мінезді жігіттер» туралы, демократияны пұтқа табынушылардың діні деп танитынын жазған. Ал мұсылмандарды билікпен тығыз қарым-қатынаста болуға шықырыпты, әйтпесе, оның айтуынша, биліктің бәрі кәпірлерге кетеді екен.
Оған қоса, қолданушы Американың, Ресейдің басшылығына «миллиондаған адамдарды қырып салған фашистер» деп анықтама беріп өткен көрінеді.
Оның ДАИШ туралы пікірінде: «ДАИШ-пен күрес немесе демократтардың басынан кешкендері. Өздеріңіз ойлап қараңыздаршы, егер жау жалғыз болса, мұның бәрінің не керегі бар? Кім кімнің артында тұр? Бұл театрды кім ойнатып отқан, өз билеушілері жіберіп отқан адамдардың қолынан адамдар қайда өліп жатыр? Неге Израилге бір де бір ракета түскен жоқ, тек Палестина ғана әлгі мемлекеттердің жалған кикілжіңіне қарсы күресіп жатыр және соғысқа ең көп ақшасын салуда», -делінген екен.
Айыптаушы тарап күдіктіні өзінің парақшасына экстремистік бағыттағы бейнематериал салды деп есептейді.
Сот әлі де жалғасуда.