Алакөлге дельтаплан құлап, екі адам зардап шекті


Жетісу облысында Алакөл төбесінен ұшып бара жатқан дельтаплан көлге құлап, екі адам ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Алакөл көлін патрульдеу кезінде ТЖМ құтқарушылары дельтапланмен суға құлаған 2 адамды құтқарды. 

Екеуі бірден аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазір 40 жастағы әйел мен 44 жастағы ер адамның жағдайы ауыр. Зардап шеккен талдықорғандық әйелдің сол жақ тізесі көгерген. Миы шайқалып, басынан қатты соққы алған. Бас және бет сүйектері сынған. Ал 1980 жылы туылған азамат Іле ауданы Жетіген ауылының тумасы екені анықталды. Оның жамбас сүйегі сынып, басынан қатты соққы алған. Бүгінде қос азамат Алакөл аудандық ауруханасы дәрігерлерінің бақылауында. 

Сондай-ақ министрлік осы авиациялық апат бойынша тергеу жүргізілетінін хабарлады. Оқиға 25 шілде кешкі 17:15 кезінде Жетісу облысы Алакөл ауданы Ақши ауылында болған. Дельтаплан көлге апаттық жағдайда қонған екен.

Другие новости