Какие улицы получили новые названия с казахскими именами?
Алматылықтар мен қала қонақтары крокус гүлдерінің жанында суретке түсу үшін Есентай өзенінің жағалауына көптеп жиналуда, деп хабарлайды Kazinform.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, өткен жылдың күз мезгілінде 100 мыңнан астам көпжылдық гүлдер отырғызылған болатын. Биыл көктемде ақ, көк және күлгін түсті крокустар гүлдеді.
Крокустардың гүлденуімен Есентай өзенінің жағалауы түрлі түске боялды. Бұл гүлдер көктемнің хабаршылары, үміт пен қайта жаңғырудың символы. Қала тұрғындары мен қонақтары крокустарды тамашалауға келіп, ашық түсті гүлдердің фонында суретке түсіп, қуанышқа бөленуде, - деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.