Қазақстанда үнді фильмінің түсірілімі өтіп жатыр, деп хабарлайды«Қазинформ» ХАП.




«Love you family» жобасының түсірілім жұмыстары «Khushi Motion Pictures» Bollywood компаниялар тобы мен «Қазақфильм» АҚ бірлесуі арқылы жүзеге асуда.


ҚазТуризмнің өкілі Марина Куртайдың айтуынша, түсірілім жұмыстарын Ресей мен Германияда өткізуі мүмкін деген болжам болған, бірақ, Үндістандық қонақтарға Қазақстанның сұлу табиғаты өте қатты ұнап, соңында бізге тоқталыпты.


«Біздің тауларды продюсер Кашмир тауларымен салыстырды. Ол кейбір эпизодтарды Кашмирде түсіргісі келген, бірақ барлық процесстерді Алматы тауларына ауыстырды. Менің оған қоса, мұндай жобалар халықаралық аренада біздің елге жақсы жарнама болатындығын айта кеткім келіп отыр», -дейді Марина.


Фильмнің кей бөліктері Үндістан мен Тайланда түсіріліп қойған. Соңғы бөлімі Қазақстанда жүзеге асуда. Алматыда түсірілген эпизодтарға фильмнен 30 минут бөлінген. Бұл, негізінен, мелодраманың қорытынды тұсы екен.



«Қазақстан барлық болливуд продюсерлік үйлері мен компаниялары үшін ашық. Бұл – біздің сіздердің елде алғаш фильм түсіруіміз, егер бәрі жақса болса, одан әрі осы жерде біраз түсірілім жұмыстарын жасауды жоспарлап отырмыз», -дейді картинаның продюсері Випул Девани.


Ол біздің табиғатты Еуропамен салыстырып та өтті.


Түсірілім тобының алғашқы таңдауы Республика алаңы болыпты. Одан соң, Шымбұлақ пен Көктөбеден де көріністер алынады екен.




Айта кететін жайт: фильмде Пардасани Акша Сунил мен Джоши Маной Наванет сынды танымал әртістер өнер көрсетеді.

Другие новости