В деле фигурирует вымогательство денежных средств
Алматы қаласындағы Райымбек даңғылында, қоғамдық көліктердің қатысуымен болған жол апатының салдарынан бойжеткен зардап шекті. Бұл туралы ақпаратты Zakon.kz таратты.
Бүгін күндіз, 19 қараша, Райымбек көшесі бойындағы «Апорт» ойын-сауық орталығының батыс бағыттағы аялдамасында жол көлік апаты орын алды.
Куәгерлердің айтуынша, аялдамаға үлкен рейстік автобус келіп, жолаушыларды түсіреді. Оның алдында тағы бір үлкен қоғамдық көлік тұрған екен. Жолаушылар түсіп болған соң, ол екеуі де бірдей жылжи бастайды. Сол сәтте араларына кішірек автобус кіріп келіп, адамдарды түсірмек болған. Осы кезде үлкен автобус алдындағы маршрут көлігіне келіп соғысады да, оның жүргізушісімен сөзге келіп тұрған бойжеткеннің үстіне автобус есігі құлайды.
Оқиға орнына келген дәрігерлер қызды дереу ауруханаға жеткізген. Зардап шегушінің қазіргі жағдайы туралы мәлімет жоқ.