Ақтөбелік зейнеткер 13 млн теңгесінен айырылды зейнеткер


Ол екінші деңгейлі банк есепшотындағы 13 млн теңге ақшасынан айырылды, деп хабарлайды Kazinform .

 

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірде күн сайын алаяқтық дерегі тіркеледі. Түрлі ескертуге қарамастан, тұрғындар құпия ұстауы тиіс ақпаратты бейтаныс адамға беріп, барынан айырылып қалып жатыр.

 

Зейнеткерге белгісіз адам қоңырау шалып, өзін екінші деңгейлі банктердің бірінің қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырған. Қоңырау шалушы алаяқтар оның атынан несие рәсімдеп жатқанын және мұны тоқтату үшін жинақ ақшасын қауіпсіз шотқа аудару керектігін айтқан. Жәбірленуші қоңырау шалушының барлық айтқанын орындаған. Нәтижесінде алаяқтар оның шотынан 13 млн теңге сомасында ақша алған. Алаяқтық дерегі бойынша күдікті адамды анықтауға және ұстауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

 

Еске салсақ, Ақтөбе облыстық ПД-де Киберпол қызметі жұмыс істеп тұр. Мұнда былтыр мыңнан астам іс тіркелді. Ақша аудару онлайн жүретін болған соң бұл бағыттағы істің көбі ашылмаған. 

 

Другие новости