В деле фигурирует вымогательство денежных средств
Жаңа автокүзет жасырын түрде бақылау жасап, жол қозғалысы ережелері бұзылған жағдайда, жол полиция қызметкерлерін шақыратын болады. Бұл мәліметтер Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінде жарияланды.
Көшелердегі әкімшілік заң бұзушылықтарды анықтауға арналған сақшы көлік жолға шығып та қойыпты. Патрульдік автомобиль радар, бейнебақылау камерасы, видеотіркеуші және тағы басқа керекті технологиялармен жабдықталған көрінеді.
Әкімдік хабарламасында: «Ешқандай ажыратушы белгілерінсіз, Астана қаласы ІІД-нің көк нөмірімен жүретін автопатруль жол ережелерін бұзуды анықтау мен тоқтатуға қызмет ететін болады», -делінді.
Жергілікті ІІБ бөліміндегі материалдарға сай, тек қана 28 қазан мен 2 қараша аралығының өзінде Астанада 170-ке жуық ережені бұзу жағдайы тіркелген. Оның ішінде 100-ге жуық жүргізуші қоғамдық көлікке арналған жолаққа өтіп кетіп, 5.10.1 жол белгісіне мән бермепті.