Мать оставила их без присмотра
Біріккен Араб Әмірліктері жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласында 48 мемлекетпен, оның ішінде Қазақстанмен де бірлесе жұмыс істейді. Бұл туралы БАӘ энергетика министрі Сухейл әл-Мазруи Алматыда өткен KIOGE конференциясында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БАӘ энергетика министрінің айтуынша, әлемде мұнай мен газ сияқты дәстүрлі энергия көздерімен қатар жаңартылатын энергия көздерінің маңызы артып келеді.
Бүгінгі таңда біз жаңартылатын энергия көздерін дамытуға 40 елде 20 миллиард доллардан астам инвестиция салуды көздеп отырмыз. Біз Қазақстанмен бірге кем дегенде 1 ГВт жасыл энергия өндіру бойынша жұмыс істеп жатқанымызға қуаныштымыз, - деді ол.
Оның айтуынша, БАӘ-де энергияның шамамен 28%-ы жасыл көздерден, соның ішінде атом электр станциялары мен 6 ГВт жаңартылатын энергия көздерінен келеді. Араб мемлекетінде бұл көрсеткіштерді ұлғайтып, 2030 жылға қарай 14 ГВт-тан астам күн энергиясын өндіру жоспарланған.
Сондай-ақ, ол БАӘ мен Қазақстан Каспийдегі біріккен жұмыстан бөлек, энергетикалық өнімдерді үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы логистикалық тізбектерді ұйымдастыра алғанын атап өтті. - Біз мұнай мен газ өндіруді қамтамасыз етіп қана қоймай, жаңартылатын энергия көздерін, әсіресе Қазақстанда дамытқымыз келеді, - деді Сухейл әл-Мазруи.