«Махаббат бекеті» кинофильміндегі Орал мен Гүлназдың тағдыры естеріңізде болар? Фильмде басты рөлді сомдаған Баян Мақсатқызы арада көп жыл өткеннен кейін туындының жалғасын түсірмек, деп хабарлайды Stan.kz.




Бұл туралы Баян Мақсатқызы желідегі парақшасында хабарлады. Өзінің жас кезінде сомдаған образының суретін жариялаған ол:


«Махаббат бекеті to be continued (ағылшын тілінен – жалғасын табады)», – деп жазды.


1993 жылы жарық көрген туынды махаббат хикаясын әңгімелейді. Гүлназ есімді сұлуға Жеңіс пен Орал есімді қос жігіт ғашық болып қалады. Әскерге кеткен Орал ғашығына махаббат хатын жолдайды. Алайда Гүлназдың туыс ағасының кесірінен хат иесін таба алмайды. Әскерден қайта келген кезде Орал сүйіктісінің Жеңіске тұрмысқа шығайын деп жатқанын біледі. Тағдырдың жазуымен күндердің күнінде Орал мен Гүлназ екеуі ең алғаш кездескен бекетте қайта қауышады.


Желі оқырмандары экранға қайта оралатын Гүлназ бен Оралдың хикаясын асыға күтетіндерін жарыса жазды.


«Осы кинода сізге ғашық болып едім, əдемілігіңізге! Деніңіз сау болсын! Сізді қатты жақсы көрем, елдің не дегеніне қиналмаңыз, сіз батыр, жаны сулу анасыз», «Бұл фильм есімде, керемет, Баян сондай әдемі», «Асыға күтеміз», «Балалық шағымызда осы киноны көріп өсіп едік. Шіркін-ай, сол кинодағы Оралдың сізге деген махаббатын-ай», – дейді олар.


Другие новости