Собрали все, что известно к этому часу о ситуации вокруг Украины
БҚО полицейлері облыс тұрғындарын 100 миллионнан астам теңгеге алдаған алаяқты қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Орал қалалық полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығының 42 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол өзін құрылыс саласының маманы, пәтерлердің иесі немесе делдал ретінде таныстырып, пәтерлерді сатып, ресімдеумен айналыса отырып, облыс тұрғындарының ақшалай қаражатын иемденген.
Мәселен, Жаңақала ауданының тұрғыны 2022 жылы оған 30 миллион теңге қаражатын аударса, Орал қаласының тұрғыны 2020 жылы үйді ресімдеу үшін 27,5 миллион теңге ақшасын берген.
Облыс тұрғындарына келтірілген залал сомасы 100 миллион теңгеден асады, - хабарламада жазылған.
Алаяқтық фактісі негізінде 7 эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті тұрғындарға қырағы болуды және бейтаныс және тексерілмеген адамдарға сенбеуді сұрайды. Танымайтын және тексерілмеген адамдарға үлкен соманы бермеу қажет.
Сондай-ақ телефон алаяқтарымен сөйлескен кезде қырағылық танытып, мұқият болған жоқ.