Британ журналисі Стивен Бланд өзінің Орталық Азия мемлекеттері жайлы еңбегін жазып шықты. Онда Стивен Қазақстанға деген махаббатын білдіреді, деп хабарлайды «Экспресс К».




Стивен Бланд Орталық Азиядағы алты мемлекетті жалғыз өзі аралап шығып, Тянь-Шань жоталарына, Қызылқұмға, Балқаштың таңғажайып суына деген таңданысын жасыра алмаған. Одан бөлек, британ саяхатшысын қазақтың кең даласы да бей-жай қалдырмапты. Ол біздің мемлекеттің жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орынды алатынын және территориясына бес Франция еніп кете алатынын білгенде таң тамаша болған көрінеді. Ол біздің ел туралы батыста үлкен мұнай мен газ қоры туралы жаңалықтар ғана таратылатынын айтып өткен.


«Кеңес Одағы құрамынан шығып кеткеніне 25 жыл болса да, Орта Азия батыс адамы үшін үлкен құпия болып қала бермек»,- дейді Стивен.



Бландтың жолсапар очерктерінің презентациясы осы қарашада, Лондонда өтетін халықаралық Open Eurasian Literature festival & Book forum әдебиет фестивалінің аясында болмақ.

Другие новости