Собрали факты о бывшем главе КФФ и узнали мнение эксперта о причинах отставки
Еліміздегі ең жас шенеуніктердің бірі, өзінің авторлық блогы - "Әкімдер челленджі" арқылы танылған Ерғазы Әзімханұлы бұл жолы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен кішігірім сұхбат құрған. Өңір басшысы отандық блогердің сұрақтарына жауап беріп, көпшілікті тәнті етті деп хабарлайды NUR.KZ.
Қазақстан жастарының конгресі жанындағы Республикалық жастарды дамыту орталығының басшысы қызметін атқаратын Ерғазы Әзімханұлы Ақтөбеге "Жасыл ел" еңбек жасақтарының 14-ші маусымының жабылу салтанатына барған.
Аталмыш шарада облыс басшысымен жолыққан ол Сапарбаевтан "Ақтөбені қандай жануарға теңейсіз?", - деп сұрады.
Көпшіліктің сүйікті әкімі болса көп ойланбастан "барысқа теңер едім", - деп жауап қайтарды.
Сонымен қатар, Сапарбаев мырза Ақтөбеден көптеген танымал тұлағалар шыққанын айтып қалған.
Осы орайда, Ерғазы өңір басшысынан "Димаш Құдайберген бе, әлде Ерке Есмахан ба, кімді қолдайсыз?", - деп сұрады.
Бұл сауалға Бердібек Сапарбаев "Екеуін де қолдаймыз. Өйткені, екеуі де ең алдымен қазақтың, одан соң Ақтөбенің атын шығарып жүр", - деп жауап береді.