Политологи опасаются дальнейшей эскалации
10 айда 103 мыңнан астам неке тіркелген, ал 2024 жылдың басынан бері 40 мың жаңа отбасы құрылды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform.
Неке саны бойынша Алматы, Астана және Шымкент қалалары көш бастап тұр. Сондай-ақ, 2023 жылдың шілдесінен бастап елімізде 328 мың сәби дүниеге келген.
Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» Астанада, Қарағандыда, Алматыда және Қостанайда некені салтанатты түрде тіркейді және бұл қызметті басқа қалаларда енгізуді жоспарлап отыр, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, баланың өмірге келуіне байланысты тіркеу рәсімін салтанатты түрде өткізуді енгізу жоспарланып отыр.
Қазірдің өзінде туу туралы куәліктерді жеткізу және оларды ата-аналарына тікелей перзентханаларда табыстау бойынша Астананың медициналық мекемелерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Елордадағы пилоттық жоба сұранысқа ие болған жағдайда, жоба ауқымы кеңейетін болады.
2023 жылғы 1 шілдеде «Азаматтарға арналған үкіметке» азаматтық хал актілерін тіркеу функциялары берілген болатын.