Казахстанцы, отказавшиеся от эвакуации, просят вернуть их на родину
Денсаулық сақтау министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауабында ағза алмастыру тәртібін түсіндірді.
«Халық денсаулығы туралы кодекстің 209-бабы 4-тармағының 3-тармақшасы бойынша, ауыстырылатын ағза тірі адамнан немесе марқұмнан алынады. Ағзаны немесе тінді сатуға және сатып алуға тыйым салынған. Оның үстіне Қазақстанда ағза алмастыру бағытындағы оталар ақысыз жасалады. Ол үшін донордың болғаны жеткілікті», — делінген жауапта.
Сондай-ақ, жауапта өлімнен кейінгі донорлыққа қоғамдағы көзқарас әртүрлі екені айтылған.
«Бұл кезеңнен донорлық пен ағза трансплантациясын дамытуда елеулі нәтижеге қол жеткізген, өлімнен кейінгі донорлық арқылы құтқарылған өмір санын жыл сайын арттырып келе жатқан мемлекеттердің бәрі өткен», — деп жазылған министрлік мәліметінде.