Они иллюстрировали работу волонтеров Biz Birgemiz Qazaqstan
Ведомствоның агенттік ресми сауалына берген жауабына сәйкес, еліміздің аумағында жиынтық қуаты 2 883,54 МВт болатын 146 жаңартылатын энергия көзі (100 кВт-тан жоғары) нысаны жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Kazinform.
59 жел электр стансасы, жиынтық қуаты - 1 409,55 МВт
45 күн электр стансасы; жиынтық қуаты - 1 202,61 МВт
39су электр стансасы, жиынтық қуаты - 269, 605 МВт
3 биогаз электр стансасы, жиынтық қуаты - 1,77 МВт
Жел электр стансалары Абай (қуаты 129,7 МВт 7 нысан), Жетісу (қуаты 100 МВт 2 нысан), Алматы (қуаты 146,5 МВт 10 нысан), Ақмола (қуаты 441,35 МВт 18 нысан), Жамбыл (қуаты 175,65 МВт 10 нысан), Солтүстік Қазақстан (қуаты 5,5МВт 2 нысан), Атырау (қуаты 52,8 МВт 1 нысан), Маңғыстау (қуаты 15,9 МВт 4 нысан), Қостанай облыстарында (қуаты 98 МВт 2 нысан), Ақтөбе (қуаты 96,45 МВт 3 нысан) орналасқан.
Ал күн электр стансалары Абай (қуаты 30 МВт 1 нысан), Жетісу (қуаты 4,95 МВт 1 нысан), Ұлытау (қуаты 10 МВт 1 нысан), Алматы (қуаты 160,366 МВт 6 нысан), Қарағанды (қуаты 270,77 МВт 6 нысан), Ақмола (қуаты 100 МВт 1 нысан), Жамбыл (қуаты 250,5 МВт 5 нысан), Қызылорда (қуаты 88,9 МВт 6 нысан), Түркістан (қуаты 263,11 Мвт 14 нысан) және Маңғыстау облыстарында (қуаты 2 МВт 1 нысан) жұмыс істеп тұр.