Іріктеу кезеңі Шотландияда өткен болатын. Тек бірінші таймның өзінде біздің қыздар 13 гол кіргізген. Бұл ақпаратты Vesti.kz таратты.





Футболдан Қазақстанның 17 жасқа дейінгі қыздар құрамасы Еуро-2017 іріктеу кезеңінде француз қыздарынан үлкен есеппен ұтылып қалды.


Бірінші кезеңдегі бұл ойын 0:17 есебімен аяқталды. Тек бірінші таймның өзінде Франция құрамасы жауапсыз 13 доп салған

.

Матч барысында француз қызы Мальвен Маляр алты голдың авторы атанды.


Іріктеу кезеңі Шотландияда өтіп жатыр. 12 қазан күні Қазақстан құрамасы турнир иелерімен кездеседі, ал үш күннен соң Хорватиямен ойнайды.


Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын ғана ерлерден Қазақстан құрамасы Черногория мемлекетінің командасынан 5:0 есебімен, ойсырай жеңілген болатын. Құраманың бас бапкері ойындағы жеңілісті өз мойнына алған еді.


Бас бапкер Талғат Байсуфунов: «Екінші кездесуде не болғанын әлі айта алмаймын. Ойынды қайта қарап шығатын боламыз. Бұл матчта жеңіске жете алмадық. Оған мен кінәлімін»,-деп түсінік берген.


Танымал қазақстандық кинорежиссер Нұртас Адамбай өзінің Facebook-тегі парақшасында, Қазақстанның футбол құрамасын:

«Меніңше, футболдың біздің спорт емес екендігін мойындайтын кез келді. Біздің еліміз осы спорт үшін қанша қаражатын, күшін, уақытын жұмсап жатыр, бірақ нәтиже сол баяғы. «Ұлы» Черногория құрамасынан 5:0 болып ұтылғанымыздың өзі – осының тағы бір айқын дәлелі. Біз өзімізден футболист жасауға талпынғанымызды қоя салсақ, бүкіл әлем бізді кешіре жатар. Осы ақшаның барлығын науқас балалардың еміне жұмсайық одан да»,-деп сынаған еді.

Другие новости