Посольство работает в штатном режиме
Германиядағы Макс Планк институтының ғалымдары зерттеу жүргізу барысында, жүкті әйелдердің кеңістікті нашар бағдарлайтынын анықтаған. Яғни, оларға көлікті басқару қиынырақ. Бұл туралы The Daily Mail жазады.
Зерттеуге 30 жүкті әйел қатысқан. Оған қоса, 30 жүкті емес әйелден тұратын бақылау тобы да кіргізіліпті. Қатысушылар рөлде отырып, бірнеше тапсырма орындауы тиіс болған, ал ғалымдар олардың қабылдау жылдамдығын зерттеген.
Нәтижесінде болашақ аналар жылдам шешім қабылдауды қажет ететін тапсырмаларды орындай алмағаны анықталды. Оған қоса, жүктілік мерзімі төрт және одан көп уақыт болған әйелдер кеңістікті нашар бағдарлайды екен.
Ғалымдардың айтуынша, мұның себебі – жүкті әйелдерде көбірек бөлінетін эстроген гармоны. Ол адамның кеңістіктегі орналасуын бақылайтын ми бөлімінің жұмысына жауапты гармон болып табылатын көрінеді.
Зерттеушілер осылайша нақты шешімге келіпті: жүкті әйелдердің рөлде байқампаздығы азаяды. Сондықтан, жол көлік апатынан қашу үшін, олар жүкті әйелдерге көлік айдамауға кеңес береді.