Собрали факты о бывшем главе КФФ и узнали мнение эксперта о причинах отставки
Forbes журналы Головкинді Pound-For-Pound-те ең табысты боксерлер тізімінің екінші сатысына қойды, деп хабарлайды Vesti.kz сайты.
Орта салмақта WBA(Super), IBO, IBF нұсқаларындағы әлем чемпионы Генадий Головкиннің (36-0, 33) әлемнің ең көп қаржы табатын 10 боксерінің арасында (салмақ деңгейінің қатысынсыз) екінші тұрғаны жарияланды. Бұл тізімде GGG мексикандық Сантос Сауль Алвареске (48-1-1, 34) ғана жол беріп тұр.
Бұл рейтинг Головкин мен Альварестің қыркүйектегі кездесулеріне дейін құрастырылған екен. Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық 10 қыркүйек күні Лондонда Келл Брукты уақытына жетпей жеңген болатын. Ал мексикалық Сауль Тұманды Альбионда Лиам Смитті ұтып кеткен еді. Баспаның айтуынша, алдағы 120 күннің ішінде спортшылардың тізіміндегі орны өзгеріп кетуі мүмкін.
Әлемнің ең табысты Р4Р-боксерлерінің тізіміне Forbes енгізген спортшылардың реті былай:
- Сауль «Канело» Альварес
- Генадий Головкин
- Тайсон Фьюри/Владимир Кличко
- Андре Уорд
- Сергей Ковалев;
- Деонтей Уайлдер;
- Кит Турман;
- Теренс Кроуфорд;
- Эррол Спенс;
- Кіші Флойд Мейвезер.
Негізі Forbes-тің Гена үшінші сатыда орналасқан тұрақты Р4Р рейтінгісі де бар. Қазақстандықтың алдында бұл тізімде никарагуалық Роман Гонсалес пен американдық Андре Уорд тұр.
Айта кетейік, Головкин ең үлкен маркетингтік өсімі бар 50 спортшының да тізіміне кіреді. Мұнда Гена реалдық криштиану Роналдудан жоғары орынға жайғасқан.
Ал соңғы Келл Брукпен өткен кездесуінде GGG 4 млн доллар көлемінде гонорар алған. Бұл оның бүкіл спорттық өміріндегі ең үлкен табысы болды.