Ұлттық құраманың үздігі жарысқа қатыспайды. Бірер күнннен хоккейден ерлер арасындағы әлем чемпионаты басталады.

Байрақты бәсекені биыл Финляндия қабылдайды. Қазақстан құрамасы Канада, Германия, Швейцария, Словакия, Дания, Италия және Франция командаларымен бір топқа түсті. Осыған байланысты ұлттық құрама жасақталып, жарыс алдындағы дайындық пысықталып жатыр. Әлемдік аламанға жарақатына байланысты Никита Бояркин бара алмайды. Қалған жігіттер түгелдей жиналды және баптары жаман емес дейді, бас бапкер Юрий Михаилис. Қазақстан құрамасы алдымен Ригаға аттанып, қос жолдастық кездесу өткізеді. Ал әлем чемпионаты 13 мамыр мен 29 мамыр аралығында болады.

Юрий Михайлис, ұлттық құраманың бас бапкері: - Ел чемпионаты жуырда ғана аяқталды. Сондықтан жігіттердің бабы жақсы. Көбі әлем чемпионатында жақсы өнер көрсетіп, шеберліктерін көрсеткісі келеді. Жарысты тағатсыдана күтіп жүр деуге болады. Қазір болжам айту қиын. Бірақ әр ойынға жеке тактика құрып, тыңғылықты дайындалып жатырмыз және ұлттық құрама ел үмітін ақтайды деп ойлаймын.

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 29 сәуір мен 5 мамыр аралығында елімізде өтетін Әлем чемпионатына (І дивизон, А тобы) дайындықты бастады. Бас бапкер Андрей Скабелка шәкірттері ТОП-дивизонға жолдаманы Беларусь, Венгрия, Словения, Оңтүстік Корея және Литва құрамаларымен сарапқа салатын болады.

Ақпарат дереккөзі: www.24.kz

Другие новости