Яндекс.Музыка Қазақстанның пайдаланушылары осы жылы қандай музыка тыңдағанын анықтап, ең танымал әндерді атады. Қазақстандықтар ағылшын тілді орындаушыларды тыңдайтын болып шықты. Музыкалық бағыттардың ішінен - көбінесе хип-хоп пен поп-музыканы ұнатады екен.


Ал жылдың ең үздік хиті сөзсіз алматылық әнші Jah Khalib-тің "Медина" әні болды.




Қазақстанда 2018-ші жылы танымал болған топ-10 әндер тізімі:


1. Jah Khalib - Медина


2. Dynoro, Gigi D'Agostino - In My Mind


3. Sia, David Guetta - Flames


4. MATRANG - Медуза


5. LOBODA - SuperSTAR


6. Clean Bandit, Demi Lovato - Solo


7. Calvin Harris, Dua Lipa - One Kiss


8. MARUV - Black Water


9. Camila Cabello, Young Thug - Havana


10. Монеточка - Каждый раз


Жылдың ашылуы деп MATRANG лақап атымен танымал ресейлік орындаушы Алан Хадзагаровты атауға болады. Оның "Медуза" әні чарттың алдыңғы орындарынан көп уақыт бойы түспеді.


Ағылшын тілді топтардың арасынан бірінші орынды екі жыл бойы Imagine Dragons бермей жүр. Әйел әншілердің арасынан қазақстандық пайдаланушылар барлығынан көп австралиялық Sia-ны тыңдайды.

Другие новости