Ситуация находится на особом контроле акима области
2016 жылдың 14 қарашасында, Ай біздің планетаға рекордты қашықтыққа жақындамақ. Бұның алдында болған Айдың ең үлкен көрінісін астроном ғалымдар өткен ғасырдың ортасында тіркеген болатын, деп хабарлайды GlobalScience.ru.
Үлкен Ай өзінің ерекше түсімен Қазақстан, Қытай, Өзбекстан және тағы басқа жақын мемлекеттердің тұрғындарына көрінетін болады. Ғажайып көріністі тамашалау бақытына онымен қоса, Алтай, Батыс Сібір мен оның қарамағындағы аймақ тұрғындары да ие болмақ.
Ғалымдар бұл бейнені ерекше оқиға деп қарастырып, оның суретке, бейнекамераға түсіріп алуға тұратын құбылыс екендігін айтуда. Ал уфологтар, керісінше, Айдың жақындауы өзге планеталықтардан келетін қауіп деген тұжырымдар жасады.
Айдың жақындауы немесе Үлкен Ай (суперлуние – ред.) – Жердің табиғи серігімен ең жақын қашықтыққа дейін жетуінің барысында, Айдың 14 пайызға үлкен, 30 пайызға жарық болып көрінетін астрономиялық құбылысы.
Ай бұл кезде Жерге әдеттегіден 50 мың километрге жақындайды, сондықтан, ол үлкен отты шарға ұқсас көрініс береді. Ғалымдардың айтуынша, бұл жолғы Үлкен Ай 1948 жылдан бергі ең алып, 2034 жылға дейінгі ең жарық бейнеге ие болмақ.