Посольство работает в штатном режиме
Қазақстан тұрғындары интернетте өздеріне жасалатын шабуылдар саны бойынша алтыншы орында. Оған қоса, адамдардың көпшілігі құрылғыларындағы деректердің киберқылмыс үшін ешқандай қызығушылық білдірмейтіндігіне әлі сенеді, деп хабарлайды Vladtime.ru.
«Касперский зертханасындағы» аналитиктердің зерттеуінің нәтижесі бойынша, соңғы жылдың өзінде тұрғындардың 44 пайызы компьютеріне зиянды ОЖ енгізіп алуы, әлеуметтік желі парақшасы бұзылуы, жеке ақпараттары ұрлануы сияқты веб-шабуылдарға тап болған. Бұл жайттарды құрылғылардағы арнайы қорғаныштың орнатылмауымен түсіндіруге болады екен. Ал ең қорқыныштысы, смартфон қолданушыларының 55 пайызы ғана антивирустық бағдарламалар орнатыпты.
Ұялы телефон қолданушылары арасындағы сауалнама 10 адамның тоғызының гаджетінде телефон контактілерінен бастап, сурет, видео, құжаттар, кредит картасының мәліметтері сынды, өте маңызды ақпарат сақталатындығын дәлелдеді. Көп адамдар үшін бұл ақпараттар ұялы телефонның өз бағасынан да қымбат болып табылады екен.
Компания өкілдері азаматтарға жеке мәліметтері сақталған компьютер, гаджеттерді қорғайтын бағдарламаларды пайдалануды, оған қоса, интернеттегі зиянды ресурстардан аулақ болуды ескертуде. Олар қауіпті, белгісіз сайттар мен сілтемелерді ашпау, әлеуметтік желіде ұзақ, қиын паролдер пайдалану, таныс емес жолдармен ақша төлемдерін жасамау сияқты әрекеттер маңызды мәліметтерді қауіпсіздікте ұстауға көмектесетінін айтады.