Какие улицы получили новые названия с казахскими именами?
Облыс аумағында былтыр шамамен 12 мыңнан астам суқұзғын саналған, деп хабарлайды Kazinform. Балық ресурстарының азаюына кейінгі жылдары Ертіс өзені бойында суқұзғындардың қаптап кеткені әсер етіп отырғаны жасырын емес. Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бас маманы Қанат Базарбай суқұзғындар санының күрт көбейіп кетуіне қатысты тұрғындар тарапынан шағым көбейіп тұрғанын айтады. «Ересек суқұзғын жас балықтарды қылғыта салатын жыртқыш құс. Үлкен балықтардың көбеюіне де зиян келтіреді. Бұдан бөлек үйрек, құтан, бірқазан және т.б. құстардың табиғи көбею процесіне теріс әсер етеді. 2022 жылы облыс аумағын 4616 суқұзғын мекендейтіні анықталса, 2023 жылы олардың саны 12090-ға жеткен. Аталған қауырсын қанаттылардың біреуі тәулігіне шамамен 451 грамм балық тұтынады деп есептесек, облыстың су айдындарында олар күніне жалпы салмағы 5,5 тонна балықты жеп қояды деген сөз. Бұл – орасан зор шығын. Былтыр 923 құсты атып, жойдық», - дейді маман. Мамандардың сөзінше, жалпы суқұзғынның нәжісі де қоршаған ортаға өте зиян. Жасыл шөпке түссе құрамындағы қышқыл оны солдырып тастайды. Бұл құстың өңірдегі популяциясын тиімді басқару және экожүйедегі тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдалану басқармасы оның санын реттеу мен бақылауды қамтитын көпжылдық кешенді жоспар әзірлеп отыр. Биыл жоспарға сәйкес 2336 суқұзғынды жою көзделген.