Посольство работает в штатном режиме
Әйгілі поп-музыканың королі Майкл Джексонның қарындасы, әнші Джанет Джексон өзінің ашық киімдері бар гардеробынан бас тартқан көрінеді. Бұған оның жүктілігі әсер етті деген болжамдар бар, деп хабарлайды ресейлік Cosmo.ru сайты.
Джанет Джексон жақында өз жанкүйерлерін жүктілігі жайлы хабармен қуантқан болатын. Әлеуметтік желілерде 50 жастағы әншінің денсаулығына алаңдап, пікір білдіргендердің саны да аз емес. Джанет жүктіліктің бірнеше айында 40 кг салмақ қосыпты. Бірақ, оның бойындағы алғашқы өзгеріс бұл емес. Поп-музыканың королі саналатын Майкл Джексонның қарындасы енді қала көшелерін хиджабпен аралайды.
Джанеттің сәбиінің әкесі – мұсылман, катарлық миллиардер Виссам Аль-Ман. Жұп ел алдына жақында ғана шықты. Оған қоса, жұлдыздың күйеуі өзінен он жасқа кіші. Аль-Ман дінге берік жан болғандықтан, тіпті, Джанетке жақындаған ер-азаматтардың бәрін арнайы тексерістен өткізуге бұйрық берген көрінеді.
Естеріңізге сала кетейік Джанет Джексон – 300-ге жуық марапаттардың иегері. Олардың ішінде 6 «Грэмми» атағы бар. Осы күнге дейін, әнші альбомдарының ондаған миллион көшірмесі сатылып үлгерген.