Собрали факты о бывшем главе КФФ и узнали мнение эксперта о причинах отставки
ХОК шешімімен алтын медалдерінен айырылған Светлана Подобедова, Майя Манеза, Зульфия Чиншанлоға Қазақстан тарапынан берілген сыйақылар қайтарылып алуы мүмкін. Бұл туралы «Экпресс-К» таратты.
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы аталған жайт бойынша нақты шешімін айтқан жоқ.
«Біз ХОК-пен бірге бұл мәселені қарастырып жатырмыз, нәтижелерге қарап айта жатармыз... Біз қазір әлемдік тәжірбиені зерттеп көреміз, бүгін спортшылармен кездесеміз», -дейді министр.
Егер халықаралық нормада спортшылардың сыйақыны қайтармауға құқығы болса, бұл жағы да қарастырылады екен.
Естеріңізге сала кетейік, өткен апта Халықаралық олимпиада комитеті 2012 жылы Лондонда алтын алған үш атлет - Светлана Подобедова, Майя Манеза, Зульфия Чиншанлоны жүлдесінен айыру туралы шешім қабылдаған болатын.