Оралда автобус өртеніп, оның жүргізушісі ауруханаға түскен


Батыс Қазақстан облысында автобус өртенген, деп хабарлайды ZTB News ТЖМ сайтына сілтеме жасап. 

Бүгін Оралда Потанин көшесі бойында автобустың жануы орын алып, жоғары температуралық әсерден жақын тұрған жеңіл автомобиль зақымданған, - деп айтылған хабарламада. 

Өрт жедел түрде сөндірілді. Өрттің салдарынан 1977 жылы туған жүргізуші жеңіл күйік алып, жедел жәрдем бригадасына табысталды. 

Другие новости