5 қазан күні, 17 жасар бойжеткенді облыстық балалар ауруханасына есінен танған күйі жеткізген. Бұл ақпаратты «Мой ГОРОД» порталы таратты.




Денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі: «Облыстық балалар ауруханасына есінен танған күйінде, кәмелетке толмаған қыз бала келіп түсті. Қазіргі таңда, оның жағдайы қанағаттанарлық. Ұялы телефонның қуаттау құрылғысы жарылып кеткен деген болжам бар. Күйік шалу мен басқа жарақат жоқ, қыз жай ғана қорқып кетсе керек»,-деген мәлімдеме берді.


Анықталғандай, оқиға Досмұхаммедов атындағы Орал педагогикалық колледжінде орын алған.


Басында жатаққана басшылығы қысқа тұйықталу болып, ұшқын шыққанын растады. Бірақ кейінірек, колледждегілер ешқандай жарылыстың да, қысқа тұйықталудың да болмағанын, қыздың қан қысымынан талып қалғанын айтып, бұл ақпаратты теріске шығарды.

Другие новости