Полицейлердің үй-үйді аралап, саусақ ізін алып жүргені рас па


ҚР Ішкі істер министрлігі WhatsApp желісінде тараған алаяқтықтың жаңа схемасына пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform.

Бұған дейін тараған ақпаратта бір топ адамның ұрлық жасау мақсатында үй-үйді аралап, өздерін құқық қорғау қызметкері ретінде таныстырып жүргені айтылған.

Жауапты ведомство өкілдері бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтады.

Тараған хабарламада көрсетілген алаяқтық фактілері республика аумағында тіркелген жоқ. ІІМ азаматтардың жеке куәлігін тексеру, суретке түсіру және саусақ ізін алу мақсатында үй араламайды. ҚР ҚК-нің 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік барын ескертеміз. Азаматтарды сақ болуға және бөгде адамдарға жеке деректерді бермеуге шақырамыз, - дейді ІІМ баспасөз қызметі.

Другие новости