Қазақстанда қызылшаға қарсы 630 мың доза вакцина бар вакцинация


Денсаулық сақтау министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауабында қызылшаға қарсы вакцинаның көлемін атады.

 

Қазіргі таңда елімізде қызылшаға, қызамық пен шықшыт безінуінің қабынуына қарсы 630 мың дозадан астам құрама вакцина бар, - деп жазылған жауапта.

 

Бұл вакцина алдын алу екпесінің ұлттық күнтізбесі аясында (12-15 айлық, 6 жасар балалар үшін) және қосымша жаппай иммундауға жататын контингентті қамтуға (6-10 айлық, 2-4 жастағы балалар мен бұрын екпе алмаған медицина қызметкерлерін, жоспарлы екпені өткізіп алған 18-ге толмаған адамдарға арналған.

 

Сондай-ақ, бұл вакцина қызылша ошағымен байланыста болғандар және екпе алмаған немесе қызылшаға қарсы вакцина алғаны туралы мәлімет жоқ 30-ға дейінгі азаматтарға салынады.

 

Другие новости