Казахстанцы, отказавшиеся от эвакуации, просят вернуть их на родину
Қазақстан мен Қытай ғылым және білім саласында бірқатар келісімге келді. Толығырақ Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін әлемнің назары Астанада деп айтуға болады. ШЫҰ-ға мүше елдердің басшылары елордада жиналып отыр, құрметті қонақтардың қатарында БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш мырза да бар. Кеше Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің елімізге ресми сапары аясында көптеген келісімшартқа қол қойылды. Оның ішінде екі елдің министрлігі білім және ғылым саласы бойынша да келісімге келді. Оған сәйкес біздің жетекші, ұлттық және мемлекеттік университеттерде қытай тілін оқыту үшін арнайы кафедралар құрылады. Бакалавр, магистратура мен докторантурада оқып жатқандарға қытай тілін екінші тіл ретінде ұсынатын боламыз, - деді Саясат Нұрбек елордада өтіп жатқан “Жоғары білім беру және өндірісті интеграциялау саласындағы ынтымақтастық” атты халықаралық симпозиумда.
Сондай-ақ, министр Қытай - Қазақстанның ең үлкен стратегиялық көрші елі екенін тілге тиек етті.
Қытай - экономика, сауда жағынан да серіктес ел, сондықтан Қытайдың тарихын, тілін, мәдениетін біз тереңінен түсінуіміз керек. Тағы бір келісім, Сәтпаев университетінің негізінде Гонконг университетінің филиалы ашылады. Онда жасанды интеллект, архитектура, ақылды көлік тағы сол сияқты салалар бойынша білім беріледі. Аталған Гонконг қалалық университеті өте тез дамып келе жатқан жоғары оқу орны, әлемдегі үздік 100 университеттің қатарына кіреді. Биыл қыркүйекте университет филиалы есігін ашады, - дейді ол.
Бұған дейін ҚР Президентінің кеңесшісі Болат Ақшолақов ШЫҰ саммиті және ұйымға мүше елдер арасында ғылым мен жоғары білімді дамытуға қатысты пікір білдірген еді.