Париж Олимпиадасына 9 млн-ға жуық билет сатылды


Париж олимпиадасына 8,8 млн билет сатылды. Рекордтық көрсеткіш туралы жаңалықты журналистерге Халықаралық Олимпиада комитетінің спорт директоры Кит Макконнелл айтты, деп qazaqstan.tv сілтеме жасап, ZTB News  хабарлайды.

Мұндай сатылым осы уақытқа дейін Олимпиада тарихында болмаған. Бұған дейін ең көп билет 1996 жылы Атлантадағы ойындарға сатылған, - деп түсіндірді ол. 

Париждегі жазғы олимпиадаға 4 күн қалды. Оған Қазақстан атынан 80 спортшы қатысады.

Париждегі Олимпиадалық ойындарға қазақстандық спортшыларды дайындау үшін мемлекеттік қазынадан 980 млн тенге қаражат жұмсалған. Ол туралы ZTB News корреспонттері Туризм және спорт министрлігінің хабарламасы бойынша алдында мақала жариялаған. Бұл соманың үлкен бөлігі (635 млн тенге - ред.) оқу-жаттығу жиындарына бөлінген. Жылдың басынан 109 жиын өтті. Тағы 345 млн тенге жарыстарға қатысуға жұмсалды. Оның ішінде - 11 әлем чемпионаттары, 26 Азия чемпионаты және 92 халықаралық турнирлар.

 

Другие новости