Ресейдегі президенттік сайлауда Владимир Путин 87,32 пайыз дауыспен көш бастады


Ресей президенттігіне үміткер әрі қазіргі мемлекет басшысы Владимир Путин 2024 жылғы президенттік сайлау хаттамаларының 99,43% пайызын санау нәтижесі бойынша 87,32 пайыз дауыс жинап, көш бастады, деп хабарлайды Kazinform .

Бұл туралы РФ Орталық сайлау комиссиясы хабарлады, деп жазады ТАСС .

Екінші орында 4,32 пайыз дауыс жинаған Ресей Федерациясы Коммунистік партиясынан кандидат Николай Харитонов, үшінші орында 3,79 пайыз дауыспен «Жаңа халық» партиясынан кандидат Владислав Даванков тұр. Төртінші орында — 3,19% дауыс жинаған ЛДПР кандидаты Леонид Слуцкий.

 

Другие новости