Ресейде тікұшақ апатынан қаза тапқандардың арасында қос қазақстандық болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz, ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.




Аталған баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақовтың айтуынша, Ямалда әуе апатынан қаза болған 19 адамның ішінде екі қазақстандық – СҚО және ОҚО тұрғындары бар екен. Олар «Спецстрой» ұйымының қызметкерлері болған.


Қазіргі таңда Қазақстанның Омскідегі елшілігі ел азаматтары денелерінің отбасына қайтарылуы бойынша қажетті жұмыстарды бастап кетті.



Естеріңізге сала кетейік, 21 қазан күні Ямал-Ненец автономиялық облысы, Пуров ауданы, Уренга ауылының маңында краснодарлық «Скол» әуекомпаниясының Ми-8 маркалы ұшағы құлап, борттағы 22 адамның он тоғызы қаза тапты.

Другие новости