Ее доставили в Больницу скорой неотложной помощи
Атырауда 10 жасар қыз балалар алаңында биіктіктен құлап, жарақат алды. Оқиға 9 мамыр күні кешке қаладағы сауда орталықтарының бірінде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ойын алаңындағы қорғаныш белдігі үзіліп, жасөспірім биіктен құлаған. Соған байланысты ата-анасы оқиға орнына жедел жәрдем бригадасын шақырған.
Жедел жәрдем бригадасының дәрігерлері жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Аурухана дәрігерлері 10 жасар қыздың сол жақ шынтақ буынының жабық жарақаты барын анықтады. Мұндай жарақат оң жамбасында да болған. Дәрігерлердің тексеруінен соң стационарлық емдеу шарасы қажеттігі туындамады. Сол себептен, жарақат алған жасөспірім амбулаторлық ем алу үшін үйіне жіберілді, -деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 6 айлық сәби мобильді телефонның сим-картасын жұтып қойғанын хабарлаған болатынбыз.