Қазақстандық мергендер үш медаль жеңіп алды


Стенд атудан Катарда өтіп жатқан «Әмір Гран-приі» халықаралық турнирінде қазақстандық спортшылар үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Kazinform.

 

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, 22 ақпанда Катар астанасы Дохада басталған жарыста әлемнің 30 мемлекетінен 300-ден аса спортшы бақ сынап жатыр. 

 

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы аталған турнирден үш медаль жеңіп алды. Оның біреуі - күміс, екеуі - қола жүлде.

 

«Трап» бағдарламасы бойынша өткен жекелей сында Мария Дмитриенко ел қоржынына күміс медаль салса, жасөспірімдер арасындағы бәсекеде Никита Моисеев пен Анита Нұрланова қола жүлдегер атанды.

 

Қазақстан атынан жалпы есебі 36 спортшы сынға түсіп жатыр.

 

Другие новости