Фото: Максим Сергеевич Золотухин


RoomGuru.ru қонақ үй іздеу қызметі ресейліктердің арасында ТМД мемлекеттері мен жақын шет елдегі, Жаңа жылдық демалысқа арналған ең танымал тау шаңғы шипажайларының рейтінгісін жасады. Тізім 2016 жылдың 30 желтоқсаны мен 2017 жылдың 8 қаңтары аралығында ресейліктердің іздеген немесе тапсырыс бергендері жөніндегі мәліметтеріне сай алынған. Бұл туралы Zakon.kz жазады.




Аталған рейтингке Қазақстанның, Грузия, Белорусь Республикасы, Әзірбайжан, Армения, Украина, Өзбекстан, Қырғызстанның шипажайлары кірген екен. Тізімдегі тау шаңғы курорттарының ішінде қонақ үйде бір күнде тұру мен түскі ас, тағы басқа қызметтердің орташа бағасына байланысты ең арзаны Өзбекстандағы Чимган шипажайы болып саналатын көрінеді. Ең қымбаты – Шымбұлақ.


Фото: Максим Сергеевич Золотухин


Шипажайлардың ондықта орналасу реті былай:


  • Шымбұлақ (Алматы, Казахстан), $78
  • Гудаури (Тбилиси, Грузия), $65
  • Логойск (Минск, Белоруссия), $52
  • Шахдаг (Баку, Азербайджан), $58
  • Цахкадзор (Ереван, Армения), $60
  • Бакуриани (Тбилиси, Грузия), $68
  • Буковель (Львов, Украина), $56
  • Чимган (Ташкент, Узбекистан), $48
  • Каракол (Бишкек, Киргизия), $50
  • Силичи (Минск, Белоруссия), $52


Ал ресейлік шипажайлардың танымалдары болып Роза Хутор (Красная Поляна, Сочи, Краснодар), Шерегеш (Кемеров облысы), Домбай (Карачаево-Черкесия), Приэльбрусье (Кабардино-Балкария), Белокуриха (Алтай), Завьялиха (Челябі), Абзаково (Башкирия), Большой Вудъявр (Мурманск), Бобровый лог (Краснояр) и Гора Соболиная (Иркутск) табылған.

Другие новости