Родные и друзья погибшего утверждают, что его сбросили с девятого этажа
Шымкент түрмесінде қайтыс болған тұтқынның туыстары 37 жастағы жігітті мекеме қызметкерлері ұрып өлтіргеніне сеніп отыр, деп хабарлайды ZTB News Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай 7 қыркүйекте болған. Мекеме басшысының сөзінше, бопсалау бабымен үш жарым жылға сотталған ер адам түрмеге түскелі асқазан ауруымен ауырған. Бес рет дәрігерлер көмегіне жүгінген. Соңғы рет 3 қыркүйекте ауруханаға түскен ол көз жұмған. Медицина және түзеу мекемесінің мамандарына қатысты қызметтік тексеру басталды.
Қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүріп жатыр, құзырлы органдар да тексерісті бастады. Ол кісілер бізге сенбейді, "ұрды-соқты"деп түсініп жатқан шығар. Бірақ тексеру қорытындысы шығады, - деді Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты № 54 мекеменің бастығы Серікбай Дүйсенов.
Қайтыс болған бір ай бұрын ғана түрмеге түскен. Марқұмның артында үш баласы мен келіншегі қалды.