Злоумышленник требовал 700 тысяч тенге у сотрудника полиции
Қызылордада сыныптастары секс-құлдықта ұстаған оқушының ісі бойынша 13 күдікті анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты, деп хабарлайды ZTB News.
Бұл іс бойынша 13 күдікті анықталды, оның 11-і ұсталды, қалған 2 адам үй қамауында отыр. Қазіргі таңда қылмыстық істер қозғалды. Енді пікір білдіре алмаймын. Себебі қалған жағдай тергеушілердің құзыретіне кіреді. Тергеу тобы бәрін тексереді. Клиенттерді де тексереді", – деді Игорь Лепеха Сенаттың жалпы отырысынан соң.
Бұған дейін әйел қызының сыныптастарын зорлық-зомбылық жасады деп айыптағанын жазғанбыз. Анықталғандай, мектеп оқушылары 16 жастағы сыныптасын жезөкшелікке мәжбүрлеп, мезгіл-мезгіл зорлап отырған.