В деле фигурирует вымогательство денежных средств
Тұңғышбай Жаманқұлов бюджеттен жымқырған 69 миллион теңгенің 6 миллионын қайтарды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің басшысы Қайрат Қожамжаров мәлімдеді, деп хабарлайды «Қазинформ» ХАА.
«Ол өзінің «Қазақфильм» алдындағы бүкіл қарызын өтеп беретінін айтты, өз мойнына осындай жауапкершілік алды», -дейді Қожамжаров.
Естеріңізге сала кетейік, біраз бұрын Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының баспасөз қызметі Тұңғышбай Жаманқұловтың мемлекет қаржысын жымқырғаны туралы ісін мойындағанын жариялаған болатын. Жаманқұлов өз мәлімдемесінде бұл қаражатты өз жеке басы үшін пайдаланғанын растаған еді.
Қазақстандық танымал актер кепіл бойынша, әрі өз ісіне өкініп, мәлімдеме жасағаны үшін, қылмыстық жауапқа тартылмай, жазадан босатылды.