Во время предвыборной кампании 2024 года ключевые помощники Джо Байдена убеждали доноров Демократической партии, что отказ президента от участия в выборах приведет к ошибке — выдвижению вице-президента Камалы Харрис против Дональда Трампа. Об этом говорится в книге Fight: Inside the Wildest Battle for the White House журналистов Джонатана Аллена и Эми Парнес.
Бүгін Қазақстан судьяларының съезінде Қасым-Жомарт Тоқаев сотты онлайн өткізудің ұтымды жақтарын айтты, деп хабарлайды ZTB News Казинформ сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы биыл сот отырыстары алғаш рет онлайн көрсетіле бастағанын, осындай тәсілмен бірнеше сот процесі өткенін еске салды.
Мұндай қадам жұрттың сот жүйесіне сенімін нығайта түсті деуге болады. Бұл әрине, бұрын-соңды болмаған. Сондықтан, судьялар мен айыптаушыларға қойылатын талап күшейді. Сотқа қатысатын тараптар ашық сот алаңында өз ойларын еркін жеткізе алады, - деді Тоқаев
Президенттің ойынша, барлық сот отырысында осындай жоғары стандарт болуы керек. Сотты онлайн өткізудің тағы бір ұтымды тұсы бар - азаматтардың құқықтық сана-сезімі өзгеріп келеді. Заңгер мамандығына деген қызығушылық артты деп есептейдi мемлекет басшысы. Президенттің пайымынша, жалпы сотты онлайн өткізу жұрттың құқықтық мәдениетін көтеруге оң әсерін етіп отыр. Бұл елімізде заң мен тәртіп қағидатын орнықтыратын тиімді тәсіл.