Үйге таласқан Әтешоваға қатысты сот үкімі шықты


Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Шымкент қаласының бұрынғы әкімінің ағасы Марат Әйтеновтың экс-әйелі Дана Әтешоваға қатысты үкім шығарды. Ол экс-күйеуінің иығын тістеп, ұялы телефонмен ұрғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Әйтенов бұрынғы жұбайын үйден мәжбүрлеп шығарған кезде, ол қарсылық көрсетіп, қасақана дене жарақатын салған. 

Жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтары, сондай-ақ медициналық сараптама қорытындысымен әйелдің кінәсін дәлелденді. Прокурор Әтешовадан 30 АЕК (110 760 теңге) айыппұл тағайындауды сұрады, оның адвокаттары қылмыс құрамының болмауына байланысты өндірісті тоқтатуды талап етті. 

Сот жеңілдететін жағдайларды - ең алдымен үш кішкентай баласының барын ескеріп, Дана Әтешоваға 20 АЕК (73,8 мың теңге) айыппұл түрінде жаза тағайындады. 

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. 

Еске салайық, экс-ерлі-зайыпты Дана Әтешова мен Марат Әйтенов арасында дау шықты. Олар үйді бөлісе алмаған.

Другие новости