Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова кешіктірілген су құбырларының жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy


Фото: primeminister.kz



«Есқұла су құбыры 2010 жылы басталды, ол бірнеше рет түзетулерге ұшырады, осыған байланысты нысанды пайдалануға беру кешіктірілді. Бүгінгі таңда нысан су ресурстары саласындағы «ұзақ құрылыс» нысандарының Жол картасына енгізілген. Бұл ретте қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатқанын, барлық тиісті қаржы бөлінгенін атап өтемін. Барлық жұмысы осы жылдың маусым айында аяқтау жоспарланып отыр»,- деді ол.


Оның айтуынша, аталған Жол картасында Преснов топтық су құбыры (І кезек) жобасы да бар.


2023 жылы құрылыс-монтаждау жұмыстарын жалғастыруға 1,0 млрд теңге қарастырылған.


«Нысан 2024 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде халық саны 23,2 мың адам болатын 12 АЕМ сумен жабдықтау жақсартылатын болады. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында 2018 жылдан бастап Соколов ТС 2-кезегін реконструкциялау жобасы іске асырылуда. Мердігер өз міндеттемелерін орындамағандықтан, шарт 2021 жылы біржақты тәртіппен бұзылды. 2022 жылы сот ісі жүргізілді. Сонымен қатар жобаны іске асыру барысында жұмыс сызбаларында да, сметаларда да көптеген заңбұзушылықтар мен олқылықтар анықталды. Осыған байланысты Жоба түзетіліп, 2021 жылғы қарашада мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды», - деді ол.

Другие новости