Казахстанцы, отказавшиеся от эвакуации, просят вернуть их на родину
Жол апатынан күйеуі мен үш баласынан айырылған әйел жазатайым оқиғаға себепкер болды деп орынсыз айыпталған, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Әйел жол ережесін бұзбағанын дәлелдеп, қаржы министрлігінен 2 миллион теңге өндіріп алған. Тергеу кезінде жіберілген қателіктердің кесірінен жол-көлік оқиғасына кінәлі адам жауапқа тартылмады.
2023 жылғы ақпанда Әйтеке би ауданында Самара-Шымкент тасжолында Mitsubishi Montero Sport жеңіл көлігі мен тіркемесі бар VOLVO ауыр жүк көлігі соқтығысқан. Апат салдарынан үш бала мен көлік жүргізушінің күйеуі қаза тапты.
Әйел "адам өліміне әкеп соқтырған жол ережесін бұзды" деп айыпталған. Савина Жақсылықова апатқа кінәлі емес екенін айтып, президентке үндеу жасады.
Сот тергеудің өрескел заңбұзушылықтармен жүргізілгенін, соның салдарынан кінәсіз адамның айыпқа тартылғанын анықтады. Жол апаты әйелдің кесірінен емес, ауыр жүк көлігі жанармай тасып бара жатқан көлікті басып озуға әрекеттенгені анықталды. Савина Жақсылықованың кінәсіз екенін дәлелдеуге бір жылдан аса уақыт кетті.
Ақталғаннан кейін әйел өз құқығын қорғап, заңсыз қылмыстық қудалаудан моральдық шығынды өтеуді талап етті. Сот оның пайдасына шешім шығарып, қаржы министрлігінен моральдық шығын үшін 2 миллион теңге өндіруге міндеттеді.
Ал заңға сәйкес, бұл сома салық төлеушілердің ақшасынан төленеді, ал істі жүргізген прокурорлар мен полиция қызметкерлерінің оған еш қатысы жоқ.
Тергеу кезінде жіберілген қателіктердің кесірінен жол апатына кінәлі адам қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кеткен.