В деле фигурирует вымогательство денежных средств
Жол қозғалысы ережелерін бұзушыларға салынатын айыппұл көлемін азайту туралы заң жобасы дайындалып жатыр. Бұл жөнінде Informburo.kz хабарлайды.
Астана қалалық әкімшілік полиция басқармасы басшысының айтуынша, қазіргі жол қозғалысы ережелерін бұзушыларға салынатын айыппұл бағасы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті екен.
Астана қалалық ӘПБ басшысы, Тахир Әбдірахманов жуық арада айыппұлдар саны көбеймейтінін де, азаймайтынын да айтты.
«Қазіргі штраф құны мемлекеттің жағдайына сәйкес қойылған. Мұнда басты орынға жол көлік қатынасына түсетін тұлғалардың қауіпсіздігін алу керек. Айыппұл көтерілмейді. Ұсыныс түсіру жөнінде болатын. Бірақ меніңше, жеті күннің ішінде ақыны толық төлегенде жасалатын 50 пайыздық жеңілдік бар»,-дейді Әбдірахманов.
Осы жылдың басынан бастап, елордалық полиция қызметкерлері тұрғындарға 2,2 млрд теңгеге жуық айыппұл салған.
Әкімшілік полиция басшысы өз сөзінде: «9 ай ішінде 303 мың әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, олардың 293 мыңына жуығына 2,2 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындалған. Оның 925 млн теңгесі өндірілді. Өндіру көрсеткіші 41,4% болған»,-деп есеп берді.
Оған қоса, штрафты орнында төлеу үшін, түрлі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазақстан бойынша айыппұлға арналған терминалдар орнатылуда екені анық болды. Қазіргі таңда Астанада оқиға орнында айыппұл төлеген 170-ке жуық жайт тіркелген. Олардан өндірілген қаржы бес миллион теңгеден асыпты.
Жол қозғалысы ережелерін бұзушыларға салынатын айыппұл көлемін азайту туралы заң жобасы Мәжіліске 2017 жылдың жазында бір-ақ жетеді. Бұл жобаны дайындауға ел азаматтарының кіріс көлемінің азаюы себеп болған.