На брифинге в СЦК 4 декабря 2025 года аким Северо-Казахстанской области Гауез Нурмухамбетов рассказал о планах по газификации региона.
«Қызылорда – Павлодар» трассасының 911-шақырымында, Қарабас ауылына жақын жерге Абай ауданының полиция қызметкерлері жол патрульдік көлігінің макетін тұрғызып қойыпты. Бұл жөнінде Новый вестник АП хабарлады.
Полиция қызметкерлері бұл бастаманы осы аралықта болатын жол көлік апаттарының тым көптігімен түсіндірді.
«Біз макеттер адам өмірін сақтауға көмектеседі деп үміттенеміз, жүргізушілер де жол ережелерін бұзбауға тырысатын болады»,-дейді Абай аудандық полиция басқармасының подполковнигі Сағындық Смаилов.
Жыл басынан бері аталған аумақта 4 жол көлік апаты тіркелген. Нәтижесінде екі адам қайтыс болып, үшеуі түрлі жарақат алған. Полицияда мұның жергілікті экперимент екендігі мәлімделді. Оның мақсаты жүргізушілердің қырағылығын арттырып, ЖКО санын азайту болып табылады.