Казахстанцы, отказавшиеся от эвакуации, просят вернуть их на родину
Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап біршама заң күшіне енді, деп хабарлайды Massaget.kz. Солардың ең маңыздыларын назарыңызға ұсынамыз.
Не өзгерді?
1. Ең төменгі зейнетақы мен жалақы өсті
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 28 мың теңгеден 42 мың теңгеге көтерілді. Демек, қазақстандық 1,3 миллион азаматтың жалақысы 50%-ға артты.
Сондай-ақ, зейнетақының ең төменгі және жоғарғы көлемі белгіленді. 1 қаңтардан бастап ең төменгі зейнетақы 52 145 теңге болды, ал жоғарғы зейнетақы көлемі - 116 811 теңге. Одан бөлек, жаңа жылдан бастап мүгедектік пен отбасы асыраушысынан айырылуына байланысты төленетін мемлекеттік жәрдемақылар 5%-ға өседі.
2. Коммуналдық қызметтер арзандады
2018 жылы 29 желтоқсанда өткен Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ПИК қызметтерінің тарифі 2,2%-дан 20%-ға дейін, қоқысты шығару қызметі 1%-дан 24,7%-ға, ал лифт қызметтері бойынша тарифтер 3%-дан 50%-ға дейін арзандайтынын мәлімдеген еді.
3. ҰБТ-ға өзгеріс енгізілді
2019 жылдан бастап ҰБТ жылына 4 рет өтеді. Бұл тесттерді түлектер қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында тапсырады. Қаңтардағы, наурыздағы және тамыздағы ҰБТ-ға қатысқан талапкерге сертификатпен ЖОО-ның тек ақылы бөлімдеріне ғана түсуге құқық береді, ал тестіге қатысу ақылы (2 241 теңге) болады.
4. Балаларға шекарадан шығу үшін жеке төлқұжаттар жасалатын болды
Енді 16 жасқа дейінгі балаларға елдің шекарасынан өту үшін жеке төлқұжат жасалуы тиіс. Бұған дейін 16 жасқа толмаған балалардың суреті ата-анасының төлқұжатына жабыстырылып келген еді.
5. Дәрі-дәрмек бағасы қадағаланып отыратын болды
Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы 8 қаңтарда дәрі-дәрмек бағасына қатысты заңға қол қойды. Енді дәрілердің бағасы көтерме және бөлшек сауда бағаларға сай белгіленіп отырады. Сондай-ақ емханалар медициналық құжаттаманы электронды форматта жүргізіп отырады.
6. Бірыңғай жиынтық төлем енгізілді
2019 жылдан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендер, яғни өз бетімен табыс тауып жатқан азаматтар бірыңғай жиынтық төлемді аудара алады. Сөйтіп, жеңілдетілген төлем арқылы барлық әлеуметтік көмектерді алуға мүмкіндігі бар.
Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда бірыңғай жиынтық төлемі 1 АЕК (2525 теңге), ал басқа елді мекендерде 0,5 АЕК (1263 теңге) көлемінде белгіленіп отыр. Аталған соманың 10%-ы жеке табыс салығына, 20%-ы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, 30%-ы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, 40%-ы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына автоматты түрде түседі. Осылайша, бір төлеммен төрт бірдей жарна аударылады. Нәтижесінде бейресми жұмыспен қамтылғандар әлеуметтік көмекті барлығымен тең дәрежеде ала алады.
Нені алып тастады?
1. Сақтандыру қағазы
Енді қазақстандықтар өзімен бірге сақтандыру қағазын тасымаса болады. Оны бірыңғай қордан тексеруге болады. Себебі 1 қаңтардан бастап электронды сақтандыру жүйесі енгізілді.
2. Еңбек кітапшасы
Қазақстандықтар жаңа жылдан бастап еңбек шартын онлайн-режимде жасайды, енді жұмысқа қабылдану үшін жеке куәлік қана жеткілікті.
3. Ақшаны сақтағаны үшін берілетін бонус
Мемлекет екінші деңгейдегі барлық банктерге ақшаны сақтағаны үшін берілетін бонус беруге тыйым салды.